Мен COVID-19-ды «қытай вирусы» деп атаймын – Дональд Трамп

9 Тамыз 2021, 17:01
5187
Бөлісу:
Мен COVID-19-ды «қытай вирусы» деп атаймын – Дональд Трамп

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп COVID-19 инфекциясының қытай зертханасынан таралғанына сенімді екенін мәлім етті.

Бұл туралы ол Fox News эфирінде айтты.

Мен оны «қытай вирусы» деп атаймын. Себебі ол қытайдың зертаханасында тарала бастады, - деді ол.

Оның айтуынша, қазірге дейін әлеуметтік желілер, соның ішінде Twitter короновирустың жасанды екені туралы ақпараттарды жариялайтын адамдарды белсенді түрде бұғаттап келеді.

Мен вирустың зертханада пайда болғанын бұрын айттым. Ал қазір менің дұрыс айтқанымды түсініп жатыр, - деді америкалық көшбасшы.

Айта кетейік, АҚШ-та бір тәулікте 300 мың адам коронавирус инфекциясын жұқтыратындығы болжанған.

Сарапшылардың пікірінше, аурудың жиілеуі вирустың жаңа «дельта» штамымен, сондай-ақ шектеулердің жойылуымен және тұрғындардың қалыпты өмірге оралуымен байланысты. Соңғы аптада АҚШ-та күніне орташа есеппен 70 мыңға жуық адамда коронавирус инфекциясы тіркелген.

Өзгелердің жаңалығы