COVID-19: Әлемде вирус жұқтырғандар саны 3 миллионнан асты

28 Сәуір 2020, 01:55
1161
Бөлісу:
COVID-19: Әлемде вирус жұқтырғандар саны 3 миллионнан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 3 миллионнан асты. Мұндай мәліметті Джонс Хопкинс университеті таратты.

Аталған университет мәліметі бойынша, әлемде вирус жұқтырғандар саны 3 002 303-ті құрайды, 208 131 адам коронавирустық инфекцияның құрбаны болған. Індеттен жазылып шыққандар саны – 878 813 адам.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметтеріне сәйкес, әлемде 2 858 635 адамның инфекция жұқтыруы тіркелген. 196 295 адам қайтыс болды.

Айта кетейік, Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны (27.04.2020 жылғы сағат 23:00-дегі жағдай бойынша) 2860-қа дейін өсті, 25 пациент індеттен қайтыс болды.



Өзгелердің жаңалығы