COVID-19: Әлемде көз жұмғандар саны 800 мыңнан асты

23 Тамыз 2020, 20:14
1494
Бөлісу:
COVID-19: Әлемде көз жұмғандар саны 800 мыңнан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Worldometer онлайн бақылау қызметінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, әлемде коронавирус жұқтырып, қайтыс болған адамдардың саны 800 мыңнан асты.  

Әлем бойынша COVID-19 жұқтырғандардың 23 414 944 жағдайы анықталды. Дәл осы мәліметтерге сәйкес, 15 946 299 жағдайда пациенттер инфекциядан емделіп шыққан, 809 325 адам аурудан қайтыс болған. Сайттың мәліметі бойынша, әлемде расталған жағдайлардың саны бойынша да, көз жұмғандар санынан да АҚШ әлі де көшбасшы болып келеді. 

Эпидемия басталғаннан бері мұнда 5 843 084 ауру жұқтыру оқиғасы анықталыпты. Екінші орында 3 583 308 дерек тіркелген Бразилия, үшінші орында Үндістан (3 050 326), төртінші орында Ресей (956 749), бесінші орында Оңтүстік Африка Республикасы (607 045). 

Көшбасшылардың ондығын мына елдер түйіндейді: Перу (585 236), Мексика (556 216), Колумбия (533 103), Испания (407 879) және Чили (395 708). 

Америка Құрама Штаттары коронавирустан өлім-жітім бойынша да көшбасшы болып табылады: эпидемия басталғалы 180 217 өлім жағдайы расталған. Әлемдік анти-рейтингтегі екінші орында 114 287 өлім көрсеткіші бар Бразилия. 

Елдегі жағдайға келсек, коронавирус жұқтырған 333 адамның жағдайы нашар екені белгілі болды. Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәуліктегі коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандардың ресми статистикасын ұсынды. Оған сәйкес, 22 тамызда 21 адам көз жұмған. 


Өзгелердің жаңалығы