COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинация қалай жүргізілетіні белгілі болды

25 Қаңтар 2021, 16:18
2714
Бөлісу:
COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинация қалай жүргізілетіні белгілі болды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы №4 қалалық емханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Зарина Алтынбекова онлайн брифинг барысында Алматы қаласының емханаларында Спутник V вакцинасымен иммундауды жүргізу алгоритмдері туралы баяндады.

Қазір біз ресейлік вакцинаны қабылдауға дайынбыз. Біздің емханада 460 адам жұмыс істейді, оның ішінде 270 адамды екпемен қамту жоспарланған. Вакцинация жасау үшін емханада екі егу бөлмесі, 2 дәрігер, екі мейірбике және екі тіркеуші дайындалған. Егу бөлмесі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай, - деді ол. 

Сонымен қатар ол вакцина салудың бірінші кезеңінде, яғни 1 ақпаннан бастап кімдерге екпе салынатынын айтты.

1 ақпаннан бастап инфекциялық аурулардың жедел медициналық көмек, реанимация бөлімшесі, қабылдау бөлімшесінің қызметкерлері, санэпид қызметкерлері алады. Екінші кезең бойынша 2 наурыздан бастап екпе салынады. Ол кезде жалы білім беретін мектеп, жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындарының мұғалімдері, медициналық қызметкерлерге екпе салынады, - дейді Алтынбекова. 

Үшінші кезең бойынша екпе 1 сәуірден бастап салынады екен. Ол кезде мектеп-интернат мұғалімдері, мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері, студенттер мен созылмалы ауруы бар науқастарға салынады.

Өзгелердің жаңалығы