COVID-19: Вакцинаны қай жастан бастап салу керектігін кім анықтайды?

10 Қараша 2021, 12:05
1184
Бөлісу:
COVID-19: Вакцинаны қай жастан бастап салу керектігін кім анықтайды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова хабарлады. Оның айтуынша, коронавирус инфекциясына қарсы екпе салу жасын анықтау ведомствоның құзыретіне кірмейді.

Сондай-ақ ол екпе салу жасын кімнің анықтайтынына тоқталып өтті.

Неше жастан вакцина салу керектігін анықтауды ведомство жүргізбейді. Өндірушінің клиникалық зерттеулері бойынша айқындалады. Клиникалық зерттеулердің нәтижесін алған соң сәйкесінше сол өзгерістерді нұсқаулыққа енгізеді. Біздің заңнамаға сәйкес нұсқаулық елімізде тіркелген болуы тиіс. Сол кезде ғана вакцинаны қолдана аламыз, - деп түсіндірді бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Үкімет отырысының кулуарында. 
Сондай-ақ ведомство басшысы әлемдік тәжірибеден мысал келтірді.
Мәселен, Sinopharm Қытайда 3 жастан асқан балаларға қолданылады. Америкада індетке қарсы екпені 5 жастан бастап салуды қолға алды. Ал Қазақстанда бүгінгі таңда Pfizer вакцинасын 12 жастан асқан балаларға ғана салуға болады, - деді комитет төрайымы.

Еске сала кетейік, бұған дейін қандай жағдайда коронавирусқа қарсы екпе 5 жастан асқан балаға салынатыны туралы жазған болатынбыз.




Өзгелердің жаңалығы