COVID-19. Еуропада 5 жастан асқан балаларға вакцина салына бастады

16 Желтоқсан 2021, 16:42
1315
Бөлісу:
COVID-19. Еуропада 5 жастан асқан балаларға вакцина салына бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаңтар айында Еуропада коронавирустың «омикрон» штамына шалдығушылар саны артатыны болжанып отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Британияда пандемия басталғалы вирусты жұқтыру оқиғаларының рекордтық саны тіркелді.

Pfizer компаниясы ковидті емдеуге арналған жаңа дәрі шығарды. Еуропа 5-11 жас аралығындағы балаларға вакцина салуға дайындық жүргізуде. Украина індетке қатысты шектеулерді тағы үш айға созды.

Еруокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен коронавирустың «омикрон» нұсқасының қаңтар айында Еуропада басым болатынын ескертті. Бұл ретте ол Еуроодақ елдерінде вируспен күрес жүргізу үшін вакцина жеткілікті екенін атап өтті.

Ауруға шалдығудың жаңа оқиғаларының саны әрбір екі не үш күн сайын еселеніп келеді жән ебұл үлкен көрсеткіштер. Ғалымдардың айтуынша, қаңтардың ортасына қарай «омикрон» Еуропада жаңа доминантты нұсқа болауы мүмкін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирустың жаңа нұсқасының әлемде үлкен қарқынмен таралып отырғанын еске салуда. «Омикронды « жұқтыру оқиғалары 77 елде расталды. Осы арада, АҚШ-та коронавирус жұқтырып қайтыс болған адамдар саны 800 мыңнан асқан – бұл әлем бойынша ең жоғары көрсеткіш.

«Омикрон» белгілері өзге нұсқаларға ұқсамайды. Оксфорд университетінің профессоры Джон Белл «омикрон» белгілерінің коронавирустың басқа нұсқаларынан ерекшеленетінін айтуда. Оның сөзінше, вирустың бұл нұсқасына шалдыққан адамдардың бұлшықеті, әсіресе арқасы ауырып, мұрны бітеледі, асқазаны қабынып, іші өтеді. Миалгия, яғни бұлшықеттің ауыруы – жаңа нұсқаның ерекше белгісі, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мұның себебін әзірге түсіне алмай отыр.

Д. Белл «омикронның» белгілері жайлы түсінік болғанымен, оның басқа ерекшеліктерін әлі де анықтау қажет екенін айтуда.

 

Өзгелердің жаңалығы