COVID-19. Елордада эпидемиологиялық жағдай күрделі

12 Қаңтар 2022, 17:50
1306
Бөлісу:
COVID-19. Елордада эпидемиологиялық жағдай күрделі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова хабарлады. Оның айтуынша, еліміздің бас қаласында COVID-19 індетінің тез өсуіне байланысты эпидемиологиялық жағдай күрделі деп бағалануда.

Соңғы тәулікте ішінде зертханалық расталған 3312 жағдай тіркелді. Симптомдары бар 2649, симптомсыз 663 жағдай. Аурудың өршуі 2,07%-ды құрайды, - деп атап өтті Сархат Бейсенова.

Сонымен қатар бір апта ішінде COVID-19 бойынша  9136 жағдай тіркелген.

Сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда алдыңғы аптадан 7,9 есе жоғары, яғни сырқаттанушылықтың апталық көрсеткіші 97,3-тен 768,8-ге дейін өсті. Ал репродуктивтілік саны  3,08-ге жетіп отыр, - деді Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері.

Өзгелердің жаңалығы