COVID-19. Елімізге 215 қазақстандық анықтамасыз келген

6 Қаңтар 2021, 13:36
1499
Бөлісу:
COVID-19. Елімізге 215 қазақстандық анықтамасыз келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті 2021 жылдың 5 қаңтарында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат таратты.

2021 жылғы 5 қаңтарында Қазақстан Республикасының Германия, Корея, Үндістан, Мальдив Республикасы, Мысыр, Түркия, Өзбекстан және Қырғызстаннан 14 халықаралық әуе рейсі келді. 

1 940 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 725 адам, анықтамасыз 215 ҚР азаматтары келді. 

Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 252 жолаушы, анықтамамен - 1 112, анықтамасыз - 140; 

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 2 рейс, 186 жолаушы, анықтамамен - 182; анықтамасыз - 4;

- Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 3 жолаушы анықтамамен келді;

- Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 206 жолаушы, анықтамамен - 150; анықтамасыз - 56;

- Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, 143 жолаушы анықтамамен келді;

- Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 150 жолаушы, анықтамамен - 135; анықтамасыз – 15.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет 2021 жылдың 4 қаңтарында анықтамасыз келген барлық 162 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.



Өзгелердің жаңалығы