COVID-19-дың «британиялық» штаммы 41 елден табылды

6 Қаңтар 2021, 11:21
1242
Бөлісу:
COVID-19-дың «британиялық» штаммы 41 елден табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Африкада алғаш рет тіркелген коронавирустық инфекцияның тағы бір штаммы алты мемлекетке тараған.

Британиялық ғалымдар алғаш тіркеген коронавирустың жаңа мутациясы әлемнің 41 елінде және аумағында анықталды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) апта сайынғы есебінде (28 желтоқсан - 3 қаңтар) 6 қаңтарда жарияланды.

5 қаңтардағы жағдай бойынша, Ұлыбританияда алғаш рет анықталған VOC-202012/01 коронавирусының жаңа түрі ДДСҰ-ның алты аймағының бесеуіндегі тағы 40 штатта/территорияда/аудандарда аз мөлшерде анықталды, - деді есеп авторлары.

Олардың айтуынша, Оңтүстік Африкада алғаш рет тіркелген коронавирустық инфекцияның тағы бір штаммы – 501Ү.V2 түрі алты мемлекетке енген.

ДДСҰ-ның хабарлауынша, жеті күн ішінде әлемде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 4,04 миллионға артты. Аурудың асқынуынан 76 017 адам қайтыс болған. Бірінші орында Солтүстік және Оңтүстік Америка (1,9 миллион жағдай), екінші орында - Еуропа (1,6 миллион), үшінші орында - Оңтүстік-Шығыс Азия (208,6 мың) тұр.

Алайда өлім-жітім дерегі бойынша Еуропа көш басында, оның аумағында 32,9 мың өлім жағдайы тіркелген. Екінші орында - Солтүстік және Оңтүстік Америка (32,3 мың), үшінші орында - Оңтүстік-Шығыс Азия (3756).

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «британиялық» мутацияны жұқтыру жағдайлары Кипрде, сондай-ақ Греция мен Таиландта анықталғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы