COVID-19-дың адам өкпесіне тигізетін зияны қандай

16 Қаңтар 2021, 18:50
2610
Бөлісу:
COVID-19-дың адам өкпесіне тигізетін зияны қандай

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Техас технологиялық университетінің Медицина ғылымдары орталығының доценті, дәрігер Бриттани Бэнкхед-Кендалл COVID-19-дың адам өкпесіне тигізетін әсері туралы айтты. 

Дәрігер үш рентген суретімен бөлісті: сау адамның, темекі шегуші және COVID-19 жеңіл түрде ауырған науқастың өкпе суреттері.

Дәрігер сау адамдардың рентген суреттері мөлдір болатынын түсіндірді. Темекі шегушілердің өкпе суреттері тыртықтарға байланысты кей жерлері ақ түстес болып келеді. Коронавирустан кейін өкпеде кең көлемде мөлдір емес жерлер көрінеді. Бұл COVID-19 және ауа жетіспеушілігінен туындаған қатты тыртықтарға байланысты болады.

Коронавирус көбінесе өкпе сұйықтыққа толып, қабынған кезде пайда болатын пневмония сияқты асқынуларға әкеледі. Ауырған адамдарда созылмалы жөтел, ентігу, мұрыннан өкпеге дейінгі тыныс алу жолдарындағы эпителий жасушаларының зақымдануы дамиды. Асқыну жағдайлары COVID-19-дың симптомсыз түрімен ауырып жазылған адамдардың 70-80% - да байқалған.

Банкхед-Кендалл денсаулық сақтау саласындағы көптеген сарапшылары індеттің жазылып щыққандарға ұзақ мерзімді әсерін қадағалаудың гөрі өлім-жітім деңгейіне назар аударатындықтарына алаңдаушылық білдірді.

Сонымен қатар, дәрігер COVID-19-дан жазылғаннан кейін де демікпе сақталған жағдайда жедел медициналық көмекке жүгінуге шақырды.

Өзгелердің жаңалығы