COVID-19. Дубайдан келген жолаушыдан анықталды

2 Қаңтар 2021, 16:36
1450
Бөлісу:
COVID-19. Дубайдан келген жолаушыдан анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 31 желтоқсанда ПТР-анықтамасыз ұшып келген қазақстандықтан COVID-19 анықталды. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

2021 жылғы 1 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Мысыр, Түркия және БАӘ 7 халықаралық әуе рейсі келді.

811 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 661 адам, анықтамасыз ҚР 150 азаматы келді.

Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 4 рейс, 472 жолаушы, анықтамамен - 363, анықтамасыз - 109;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 3 рейс, 339 жолаушы, анықтамамен - 298; анықтамасыз - 41.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2020 жылдың 31 желтоқсанында анықтамасыз келген 252 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Дубай – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.

Өзгелердің жаңалығы