COVID-19: Дүние жүзінде індет жұқтырғандар саны 25 миллионнан асты

30 Тамыз 2020, 19:43
1087
Бөлісу:
COVID-19: Дүние жүзінде індет жұқтырғандар саны 25 миллионнан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 25 миллионнан асты. Мұндай мәліметті Джонс Хопкинс университеті келтірген. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Университет мәліметінше, астана уақытымен 12:55-те дүние жүзінде COVID-19 анықталған адамдар саны 25 009 250-ге жеткен. Оның ішінде 842 702 науқас қайтыс болған. Ал 16 411 400 адам аурудан жазылған.  

Еске салайық, Қазақстанда соңғы бір тәулікте 126 адамнан коронавирус табылған. Елде COVID-19 жұқтырғандар саны 105 684-ке жеткен. Оның ішінде 96 135-і аурудан жазылса, 1581 науқас қайтыс болған. 


Өзгелердің жаңалығы