COVID-19: Бас санитар вакцинацияға қатысты жаңа қаулы қабылдады

29 Қаңтар 2021, 16:19
1917
Бөлісу:
COVID-19: Бас санитар вакцинацияға қатысты жаңа қаулы қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулы жариялады. 

Бас санитар Қазақстан азаматтарын короновирусқа қарсы вакцинациялау жөніндегі ұсыныстарды мақұлдады.

Коронавирус инфекциясын халық арасында таралуын болдырмау мақсатында қаулы етемін, - деп басталған Қиясовтың қаулысы.
Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасында халықтың коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинация» әдістемелік ұсынымдары бекітілді. Сонымен қатар коронавирус инфекциясының алдын алу үшін вакциналарды сақтау және тасымалдау туралы ереже осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілетін болды.

Бірінші кезекте вакцина алатындардың қатарында:

- медицина қызметкерлері, бірінші кезекте инфекциялық ауруханалардың, жедел медициналық көмектің, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінің, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері

- мұғалімдер

- учаскелік полицейлер

- студенттер

- медициналық-әлеуметтік және жабық балалар мекемелерінің қызметкерлері мен контингенті

- қызметкерлері

- Төтенше жағдайлар қызметтері, Қорғаныс, Ішкі істер министрліктері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі

- ҚР Президенті Іс басқармасының контингенті, мемлекеттік қызметкерлер, Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық, консулдық мекемелердің қызметкерлері болып табылатын ҚР азаматтары, ұлттық құрама командалардың мүшелері

- созылмалы аурулары бар адамдар (қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүрек-тамыр жүйесі).

Қаулының толық нұсқасымен мына жерде танысуға болады.

Айта кетейік, елімізде жаппай вакцинациялау жұмыстары 1 ақпанда басталады. 

Өзгелердің жаңалығы