COVID-19. Бас қалада ұжымдық иммунитет қалыптасқаны рас па?

10 Ақпан 2022, 16:07
1200
Бөлісу:
COVID-19. Бас қалада ұжымдық иммунитет қалыптасқаны рас па?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова хабарлады. Оның айтуынша, елордадағы аурушаңдықтың төмендеуі бәрінен бұрын халықта ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына жақын қалуымен байланысты. 

Бұл тұрғындардың басым көпшілігінің вакцина алуы және иммунитеті барлардың, яғни індетпен ауырып жазылған адамдардың көп болуымен байланысты. Қала бойынша қазіргі уақытта І компонентті 503967 адам алса, ІІ компонентті 471 619 адам салдырған. Үшінші рет екпе алғандар саны 73 885 немесе 30,2 % адамға тең, - деп атап өтті ведомство басшысы.  

Сонымен қатар ол қайтсек ұжымдық иммунитетке қол жеткізе алатынымызды атап өтті. 

Мен медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ адамдарға толық иммунизациядан өтуді ұсынамын. Вакцина өзіңізді қорғағаннан бөлек, вирустың одан әрі таралуын тоқтату және барлық шектеулерді біржола жою үшін ұжымдық иммунитетті дамытуға мүмкіндік береді. Тек ұжымдық иммунитетке қол жеткізу арқылы барлық шектеулер толығымен алынып тасталған Еуропаның кейбір елдері осыған  мысал болмақ. Осы елдердің тәжірибесіне қарап,  біз COVID-19-бен күресудің және қалыпты өмірге оралудың ең тиімді әдісі вакцинация және ревакцинация екенін көреміз, - деді Сархат Бейсенова. 

Еске сала кетейік, бұған дейін елорданың бас дәрігері астанада жаңа штамм жұқтырғандар саны артқаны туралы айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы