COVID-19. Азық-түлікті қалай зарарсыздандыру керек?

28 Наурыз 2021, 16:00
3136
Бөлісу:
COVID-19. Азық-түлікті қалай зарарсыздандыру керек?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустан сақтану барысында дүкеннен сатып алып келген азық-түліктерді немен зарарсыздандыру дұрыс екенін Ресей ғылым академиясының медицина-биологиялық институты бөлім меңгерушісінің орынбасары айтып берді, деп жазады ria.ru сайты.

Оның айтуынша, супермаркеттерден немесе базарлардан сатып алынған өнімдерді коронавирустың алдын алу үшін құрамында спирті бар дезинфекциялық құралдармен өңдеген жөн. Құрамында хлор бар өнімдермен зарарсыздандыру денсаулыққа елеулі зиян келтіруі мүмкін.

Яғни, барлық қаптаманы спирттің жоғары пайызы бар дезинфекциялау құралдарымен өңдеген жөн. Құрамында хлоры бар сұйықтықпен заттың сыртқы бетін, қораптарды, бұйымдарды сүртпейміз. Бұл өте қауіпті, - деді Поддубко.
Ол әрбір дезинфекциялық құралдың өзінің қолданылу реті бар екенін атап өтті. Құрамында хлор бар өнімді көбінесе заттардың сыртқы беттерін өндеуге, сондай-ақ есік тұтқаларын сүрту үшін пайдаланылады. Сонымен қатар хлорлы құралды жаққаннан кейін жарты сағат ішінде сүртіп тастаған жөн. 

Поддубконың айтуынша, жемістер мен көкөністерді міндетті түрде ыстық сумен жуу керек. Өйткені вирус 40 градустан артық ыстыққа шыдамайды. Бірақ тоңазытқышқа жуылмаған өнімдерді қоюға болмайды, вирус ауада әлдеқайда ұзақ сақталуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы