COVID-19: Алматыда вакцина салдырғандар саны мыңнан асты

5 Ақпан 2021, 19:55
1646
Бөлісу:
COVID-19: Алматыда вакцина салдырғандар саны мыңнан асты

Алматы, BAQ.KZ.  Алматыда 1 ақпанан бері  мыңнан астам медицина қызметкерлері коронавиурске қарсы «Спутник V» вакцинасын алды. Бұл туралы алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Алматы қаласында жаппай иммундаудың 1 кезеңі басталғаннан бері  Қоғамдық денсаулық басқармасының медицина қызметкерлері мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметіндегі қызметкерлері вакцина салдырды. Мәселен, 1 ақпан - 360, 2 ақпан - 620 адам, 3 ақпан - 100 адам, 4 ақпан - 65 қызметкер вакцина салдырған, - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ вакцина салдырған медицина қызметкерлерінің  денсаулығы бірқалыпты екені айтылған. 

Медицина қызметкерлерін динамикалық бақылауда ұстайды.  Сондай-ақ, вакцинация алғандардың мәліметтері тіркелген жері бойынша емханаға жіберіледі. Емханаларда учаскелік дәрігерлер олардың денсаулық жағдайын бақылауда ұстап отыр, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы