COVID-19: Алматыдағы №4 қалалық ауруханадан соңғы науқас жазылып шықты

21 Тамыз 2020, 19:37
1309
Бөлісу:
COVID-19: Алматыдағы №4 қалалық ауруханадан соңғы науқас жазылып шықты
PHOTO

Алматы, BAQ.KZ. COVID-19 вирусымен ауырған соңғы науқас емделіп, №4 қалалық клиникалық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесінен шығарылды.

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы №4 қалалық клиникалық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесінде COVID-19 вирусы және пневмония диагнозы қойылған бірде-бір науқас қалмағанын мәлімдеді. 

Енді №4 қалалық клиникалық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесіне дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Медициналық қызметкерлер екі апталық оқшаулануға кетеді, содан кейін өздерінің бейінді бөлімшелеріне бұрынғы жұмыстарына оралады.

Бүгін «төрттік» стационарынан COVID-19 вирусынан айыққан соңғы науқас Жұмаділ Әкімбеков шығарылды.

Ауа жетіспеушілігі, құрғақ жөтел, әлсіздік және ентігу болды. Бір апта бойы температура 39,8°C-қа дейін көтеріліп, кеуде тұсымда қатты ауырсындым. Мен ауруханаға өздігімнен қабылдау бөлмесіне келіп, тексеріліп, КТ жасап, дереу ауруханаға жатқызылдым. Маған екіжақты полисегменттік пневмония диагнозы қойылды. Мұнда маған бала сияқты қамқорлық танытып, инъекциялар мен аспа уколдарды өте мұқият қойды, дәрігерлер мен медбикелер әрдайым жанымда болды. Екі аптадан кейін қайтадан иіс сезе бастадым. Бүгін ауруханадан шығамын және ешкім коронавируспен ауырмаса екен деп тілеймін, - дейді Жұмаділ Әкімбеков.

WhatsApp Image 2020-08-21 at 19.32.01.jpeg

Науқас екі апталық үй карантиніне жіберілді, ал №4 ҚКА жұқпалы аурулар бөлімшесіне дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

2020 жылы 24 маусымда Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы мен Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бірлескен бұйрығы негізінде №4 ҚКА-да 25 төсек-орны бар жұқпалы аурулар бөлімшесі ашылды. Сол кезде жоспарлы медициналық көмек көрсету тоқтатылды, физиотерапия және оңалту бөлімшесін қайта бейіндеу есебінен ковидтік бөлімшесі құрылды. Клиниканың еріктілері қатарынан 44 адамнан тұратын медициналық қызметкері алынды.

Жаңа жұқпалы аурулар бөлімшесіне жұмысқа қабылдау туралы хабарламадан соң көпшілігі ойланбастан өтініш берді. Бастапқыда 14 дәрігер жұмыс істеді, оның ішінде 4 реаниматолог, қалған 10 дәрігер құрама команда: травматолог, инфекционист, терапевт, реабилитолог дәрігер, ФГДС дәрігері, УДЗ диагностикасы бар. Қалғаны медбикелер мен санитарлар, сондай-ақ еріктілер. Бөлімшеде 25 төсек-орынға және 5 реанимациялық орынға есептелген, ауру өршіген шақта шындығында 70-ке дейін ауыр науқас жатты, - дейді жұқпалы аурулар бөлімшесінің меңгерушісі Нұржан Байбахов.

Пандемия дәрігердің өмірін «Дейін» және «Кейін» деп бөлді. Нұржан Нұрмұханбетұлы – білікті травматолог-ортопед, хирург, эндопротездеу бөлімшесінде жұмыс жасайды, буындарды эндопротездеу маманы. Жұқпалы аурулар бөлімшесінің қызметкерлері отбасынан оқшауланып, қонақ үйге көшті. Алғы шепте жұмыс істейтін дәрігерлер үшін жұмысқа апарып, алып қайту, рестораторлар клубынан ыстық тамақ, демеушілерден азық-түлік себеттері сынды ерекше жағдайлар жасалды. 

Осы уақыт ішінде бөлімшеде 126 адам емделді. Қалалық клиникалық ауруханаға пневмониямен ауырған ауыр науқастар жатқызылды. Реанимация, анестезиология және қарқынды терапия бөлімшесінің аға медбикесі Айжан Омарованың дағдысы мен тәжірибесі инфекциялық бөлімшеде жұмыс істеуде өз пайдасын тигізді, ол да еріктілер қатарынан болды. Соңғы науқас шыққан күні Айжан осы уақытқа дейін тапсырған барлық ПТР тесті теріс нәтиже көрсеткенін атап өтті.

Осы уақыт аралығы өте қиын болды. Бізде пациенттердің басым бөлігі тыныс алу қиындаған, ауыр халде болды. Барлығы қабылдау бөлімшесі арқылы келіп түсті. Өте ауыр жағдайдағы науқастар дереу реанимация бөліміне жатқызылды. Ауырлығы орташа және ПТР тесті оң болғандар біздің жұқпалы аурулар бөлімшесіне жіберілді. Қызметкерлерге үлкен психоэмоциональды ауырлық түсті, науқастар моральдық тұрғыдан шаршап, байбалам салғандар да болды. Кейбіреулерінде емдеу процесі өте қиын жағдайда өтті. Біз оларды тыныштандырып, бір-бірімізді жігерлендіріп, бақылап жүрдік. Кейінірек, инфекция төмендеген кезде, біз жеңістің жақындағанын түсіндік. Бүгін біз қалыпты өмірге қайта оралып жатырмыз, – деді №4 ҚКА жұқпалы аурулар бөлімшесінің аға медбикесі Айжан Омарова.

Соңғы науқасты шығарғаннан кейін жұқпалы аурулар бөлімшесінің медициналық қызметкерлері қорғаныс костюмдерін шешіп, дәрігерлер екі апталық өзін-өзі оқшаулауға кетеді, адамдардың өмірі үшін қызу күрестен кейінгі демалыс уақыты келді. Карантиннен кейін ПТР тестін міндетті түрде тапсыру қажет, егер теріс нәтиже болса, олар өздерінің мамандандырылған бөлімшелеріне бұрынғы жұмысына оралады.

Айта кетейік, коронавирус инфекциясының таралу қаупі жағдайында Алматы қаласының медициналық ұйымдары эпидемияға қарсы қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, карантин режимінде жұмыс істеуді жалғастыруда.

Өзгелердің жаңалығы