COVID-19: Алматыда бір айда шұғыл желіге 350-ге жуық өтініш түскен

7 Сәуір 2021, 17:01
1949
Бөлісу:
COVID-19: Алматыда бір айда шұғыл желіге 350-ге жуық өтініш түскен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Аман-Саулық» қоғамдық қоры COVID-19 пандемиясы кезеңінде Алматы қаласы тұрғындары мен медицина қызметкерлерінің өтініштерін қабылдау бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін «Шұғыл желі» телефоны қызметінің алғашқы айының қорытындыларын жариялады.

Жұмыстың бірінші айында шұғыл желіге 344 өтініш келіп түсті, оның 306-сы Алматы қаласы тұрғындарынан, ал 38-і басқа өңірлердің тұрғындарынан келді.

Барлық өтініштің 10%-ы түнгі уақытта, ал 90%-ы күндізгі уақытта жасалды. Өтініштердің негізгі бөлігі коронавирустық инфекцияны емдеуге байланысты болды, атап айтқанда, ауруханаға жатқызу, қайда бару керек, қандай дәрі-дәрмектерді қабылдау керек, ПТР тестінен қайда өту керек және т. б. Шұғыл желіге хабарласқандардың арасында бірыңғай әлеуметтік төлемдер алмаған, бірақ COVID-19-ға шалдыққан 4 медицина қызметкері болды.

Шұғыл желіге келіп түскен өтініштердің алғашқы айының қорытындылары туралы «Аман-саулық» ҚҚ президенті Бақыт Түменова толығырақ айтып берді.

Келіп түскен қоңыраулардың сапалы талдауы өтініштердің 90%-дан астамы үйдегі коронавирустық инфекцияны емдеу, карантиндік режимді қалай сақтау, қандай дәрі-дәрмектерді қабылдау, егер науқастар ауруханаға жатқызылмаса, қайда жүгіну, вакцинацияға, орындарды дез.өңдеумен байланысты мәселелер, емханалардың, анықтамалық ауруханалардың, call-орталықтардың тіркеу бөліміне хабарласудың мүмкін еместігі туралы шағымдармен байланысты екенін көрсетті. Шұғыл желі жұмысының бірінші айы адамдарда коронавирустық инфекция туралы, жұқтырған жағдайда өзін қалай ұстау керек, қайда бару керек, ПТР тестілеуден өту туралы жеткілікті ақпарат жоқ екенін көрсетті. Халықта ақпарат жетіспейді. Егер елдегі ең озық қала болып саналатын Алматыда халықтың сұрақтары көп болса, өңірлерде олар одан да көп болуы мүмкін, -  деп айтты ол. 

Түменованың айтуынша, мемлекеттік құрылымдар, бірінші кезекте, Денсаулық сақтау министрлігі халықтың коронавирустық инфекцияның ықтимал белгілерін білуі, бірінші кезекте қайда жүгіну керектігін, үйде қалай емделу керектігін, қандай дәрі-дәрмектерді қабылдау керектігін және т. б. түсінуі үшін ақпараттық жұмысты күшейтуі тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 1 наурызынан бастап «Аман-саулық» ҚҚ коронавирус пандемиясы кезінде Алматы қаласы тұрғындары мен медициналық қызметкерлерінің өтініштерін қабылдауға арналған тәулік бойы жұмыс істейтін телефон желісін іске қосқан. Телефон желісі тәулік бойы, демалыссыз және мерекелерсіз жұмыс істейді. 

Жоба Сорос-Қазақстан қорының гранты есебінен жүзеге асырылуда. Науқастар, сондай-ақ медициналық мекемелердің қызметкерлері медициналық көмек, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, консультациялық көмек және т. б. алумен туындаған мәселелерді шешу үшін шұғыл желіге жүгіне алады.

Өзгелердің жаңалығы