COVID-19. Алматы ауруханаларына түсетін науқастар саны азайды

9 Қыркүйек 2021, 11:54
7891
Бөлісу:
COVID-19. Алматы ауруханаларына түсетін науқастар саны азайды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев онлайн брифингте айтты.

Оның айтуынаша, қалада коронавирус жұқтырғандар саны төмендеген, сонымен қатар жұқпалы ауруханаға түсетін науқастар саны да азайған.

Мәселен, он күн бұрын ауруханаға түсетін науқастар саны 700-ден асатын, кеше олардың саны 378-ге дейін төмендеді. Ал емделіп шыққандар саны 454 болды. Яғни, ауруханаға жатқызу 1,8 есеге төмендеді. Үй жағдайында ем қабылдап жатқан адамдар саны 14 200-ден 7 446-ға дейін төмендеді. Жалпы қала ауруханаларында 3 669 науқас ем алуда, яғни ауруханадағы орынның 43 пайызы толы, - деді басқарма басшысы. 
Сонымен қатар ол қалада жағдай тұрақталып келе жатқандықтан, ковид жұқтырған науқастарды қабылдау үшін аурухана ретінде құрылған көптеген медициналық орталық өздерінің әдеттегі қызметіне орала бастағанын жеткізді.
Тері-венерологиялық диспансер, қалалық ревмотологиялық орталық, ХАК медикал жекеменшік мекемесі, Урология институты, Неврология орталығы өздерінің бұрынғы қызметтеріне ауысып жатыр, - деді Табынбаев.
Айта кетейік, бұған дейін Бекшин оқушылар арасында вирус жұқтыру жағдайы қалай өзгергенін, Алматыдағы иммундық қабат 46 пайызға жеткенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы