COVID-19. Алматы әлі де «сары аймақта»

10 Қаңтар 2021, 00:09
1874
Бөлісу:
COVID-19. Алматы әлі де «сары аймақта»

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі таңда Алматы қаласындағы COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай қауырт күйінде қалып отыр. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес қала шектеу шараларын бақылауды күшейтуді көздейтін «сары аймақта».

Соңғы тәулікте КВИ-дің 135 жағдайы тіркелді. Алматы қаласында сырқаттанушылықтың өсуі қазан айында басталған, КВИ жағдайларын тіркелуі 3 айда 14 есеге ұлғайды: қыркүйек айында - 165 жағдай, қазан айында – 366 жағдай (2,2 есе), қараша айында – 1399 жағдай (3,8 есе); желтоқсан – 2 256 жағдай (1,6 есе өсті). Қаңтар айының 6 күнінде КВИ-дің 600-ден астам жағдайы тіркелді, - деп хабарлады ВАК.

Соңғы 14 күнде індетті жұқтырғандар арасында 20-39 жас аралығындағы азаматтар 35%, 40-59 жас аралығында 33% құраған, бұл шектеу шараларын бұзумен және бетперде режимін сақтамаумен байланысты орын алған.

COVID-19 сырқаттанғандардың 44%-ы індетті қоғамдық орындарда (сауда және қоғамдық тамақтандыру объектілері, базарлар) жұқтырған, ал 28% отбасы мүшелерінен жұқтырған. Соңғы аптада отбасы мүшелерінен жұқтыру жағдайларының үлес салмағы 7,1%-ға төмендеген.

Өзгелердің жаңалығы