COVID-19. Әлемдегі жағдай. Байденнің алғашқы жарлығы

21 Қаңтар 2021, 21:00
1628
Бөлісу:
COVID-19. Әлемдегі жағдай. Байденнің алғашқы жарлығы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың жаңа президенті Джозеф Байден қызметіне кірісе салысымен алдағы 100 күн ішінде мемлекеттік мекемелерде міндетті түрде бетперде тағылу туралы жарлыққа қол қойды.

Канада елге келу сапарларына тыйым салу 21 ақпанға дейін ұзартты. Бұл шара 2020 жылдың наурыз айынан бастап қолданылып келеді. Сапарлары маңызды санатқа жатпағандар Канадаға келгеннен кейін 14 күн карантинде болуы керек, сонымен қатар сапар алдында вирустың жоқтығын тестпен растаулары керек. Канадада вирус 724 мыңнан астам тұрғыннан анықталған, 18,4 мың адам қайтыс болған.

Германияда індеттің орташа таралуы 1 қарашадан бастап ең төменгі деңгейге жетті - соңғы 7 күнде 100 мың тұрғынға шаққанда  коронавирустық инфекцияның 119 жағдайын құрады. Бұл көрсеткіш қатарынан сегізінші күн төмендеуде.

Португалияда күніне 6 700-ден астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Елдің ірі ауруханалар алдында КВИ-ге шалдыққан адамдарды жеткізген жедел жәрдем көліктері ұзын сонар кезек күтуде. Осыған орай, дәрігерлер жалпы локдаунға  дейінгі қатаң шектеу шараларын енгізу қажет деп санайды.

Өзгелердің жаңалығы