COVID-19: Әлемдегі эпидахуал қандай?

9 Желтоқсан 2021, 09:12
1433
Бөлісу:
COVID-19: Әлемдегі эпидахуал қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, әлемде тәулік сайын 500 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырады.

Дүние жүзінде коронавирус инфекциясының 267 млн-нан астам жағдайы тіркелген. Тәулігіне 500 мыңнан астам жағдай тіркеледі. 5,0 млн-нан астам адам қайтыс болды, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.

Сонымен қатар ол 25 мемлекетте індет өршіп тұрғанын алға тартты.

ДДСҰ еуропалық өңірінің деректері бойынша соңғы екі аптада 54 елдің 25 елінде сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Соңғы 14 күнде Францияда аурудың барынша өсуі байқалды. Онда ауру 154%-дан астам, Португалияда 80%-дан астам, Швецияда 60%-дан астам, Италияда 50%-дан астам өсті, - деді Алексей Цой.

Еске сала кетейік, бұған дейін ведомство басшысы 9 млн-ға жуық қазақстандық коронавирусқа қарсы екпе алғаны туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы