9 млн-ға жуық қазақстандық коронавирусқа қарсы екпе алған

9 Желтоқсан 2021, 09:06
1096
Бөлісу:
9 млн-ға жуық қазақстандық коронавирусқа қарсы екпе алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, халықты коронавирусқа қарсы вакцинациялау қарқынды жүргізіліп жатыр.

1-компонентпен 8,8 млн-нан астам адам егілді. Егілуге тиісті ересек халықты қамту 77,5%-ды құрады, егілуге тиісті ересек тұрғындардың 72,5%-ын қамти отырып, екінші компонентпен 8,2 млн-нан астам адам вакцинацияланды, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар республика халқының бірінші компонентпен қамту 47,2%–ды, екінші компонентпен қамтылуы 43,3%-ды құрағанын алға тартты. Сондай-ақ балалар мен жүкті және бала емізетін әйелдерді иммунизациялау да жүргізіліп жатқаны белгілі.

Comirnaty (Pfizer) вакцинасымен 128 174 жасөспірім және 31 747 жүкті және бала емізетін әйел вакцинацияланды. Екінші компонентпен 5 592 адам егілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін министр коронавирус жұқтырғандар саны азайып келе жатқаны туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы