Адамдар КВИ-дің қосарлана мутацияға ұшыраған жаңа нұсқасын жұқтырып жатыр

23 Қазан 2021, 14:06
16177
Бөлісу:
Адамдар КВИ-дің қосарлана мутацияға ұшыраған жаңа нұсқасын жұқтырып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей астанасы Мәскеуде коронавирус инфекциясының жаңа нұсқасын жұқтырған алғашқы жағдай анықталды.

Вирустың жаңа нұсқасына AY.4.2 деген атау берілген, деп хабарлайды Lenta.ru.

Ғалымдар індеттің жаңа нұсқасын АY.4.2 тармағына жатқызып, айтарлықтай генетикалық өзгешелікке ие деп бағалауда.

Жаңа нұсқа дәнекерлік белоктағы екі мутациямен ерекшеленіп отыр. Соның салдарынан ол организмнің жасушасына оңай еніп кетеді. Осы ерекшелік вирустың аталған нұсқасын барынша жұққыш етеді деп есептелуде.

Айта кететін жайт, коронавирустың жаңа түрі – AY4.2 ең алғаш қазан айының ортасында Ұлыбританияда анықталған. Вирустың аталған түрі ел халқының 10%-ы жұқтырған. Кейінірек инфекция жұқтыру деректері Израиль мен АҚШ-та да тіркелді.

Өзгелердің жаңалығы