COVID-19. 5 қаңтардағы әлемдік жағдай

6 Қаңтар 2021, 23:23
1283
Бөлісу:
COVID-19. 5 қаңтардағы әлемдік жағдай

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі күнде, COVID-19 коронавирусының «британдық» штамы әлемнің 41 елінде анықталған. Бұл туралы ВАК хабарлады.

2021 жылдың 5 қаңтарынан бастап Ұлыбританияда үшінші рет қатаң карантинге жабылды. Елде тәулігіне індетті жұқтырғандардың 60 мыңнан астам жаңа деректері тіркелуде.  Ұлыбритания үкіметінің бас медициналық кеңесшісі Крис Уиттидің айтуынша, Англияда әрбір 50 адамның біреуі коронавирустық инфекцияны жұқтырған.

Германияда билігі де шектеу шараларын кеңейтіп жатыр.  Германия Канцлері Ангела Меркель жалпыұлттық карантинді қаңтардың соңына дейін ұзартатынын және індеттің таралуын тоқтату үшін жаңа, қатаң шаралар енгізілетінін мәлімдеді.  Дүкендер мен мейрамханалар, сондай-ақ мектептер қаңтардың соңына дейін жабық, оқушылар қашықтықтан оқуға ауыстырылған.

Франция мемлекеті екпе егу қарқынын жеделдетуге тырысуда. Ел тұрғындары арасында екпеге күмәнмен қараушылар басым, сондықтан Францияда вакцинация көршілес Еуропа елдеріне қарағанда әлдеқайда баяу жүруде - екпе қабылдаған адамдардың саны 3000 аспайды. Германияда қазірдің өзінде 270 мыңға жуық адам екпе алса, Ұлыбританияда миллионнан астам адам екпелерін алған.

Өзгелердің жаңалығы