COVID-19. 46 науқастың жағдайы ауыр

13 Ақпан 2021, 09:35
1511
Бөлісу:
COVID-19. 46 науқастың жағдайы ауыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 ақпандағы мәлімет бойынша,  24 200 адам короновирус инфекциясынан (15 011 КВИ+ және 9 189 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 230 пациент стационарда, 18 970 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

КВИ+, КВИ-  шалдыққандардың арасында:

• 244 адамның жағдайы ауыр;

• 46 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 41 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек

2021 жылғы 11 ақпандағы мәлімет бойынша 76 жағдай тіркеліп, 3 жағдай өліммен аяқталған. 291 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

Науқастар саны – 48 598, өлім жағдайлары - 595, барлығы 38 814 адам сауығып шықты.

Өзгелердің жаңалығы