COVID-19: 4 миллионнан астам адам емделіп шықты

14 Маусым 2020, 13:13
1419
Бөлісу:
COVID-19: 4 миллионнан астам адам емделіп шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індетін әлем бойынша 7,9 млн адам жұқтырды. Пандемия басталғалы аурудан көз жұмғандар саны 432 мыңнан асты, деп хабарлады Worldometers.

COVID-19 коронавирус пандемиясынан осы күнге дейін  4 млн 42 мың адам емделіп шықты. Ең көп адам АҚШ-та (854 мың), Бразилияда (437 мың), Ресейде (274 мың), Италияда (174 мың), Германияда (172 мың), Үндістанда (162 мың) және Түркияда (150 мың) сауығып кетті.

Пандемия басталғаннан бері 432 мыңнан астам адам аурудың құрбаны болды. 3,4 млн адам әлі ауырып жатыр.

Айта кетейік, Қазақстанда 14496 адам індет жұқтырса, оның 9056 емделіп шықты.
Өзгелердің жаңалығы