COVID-19. 38 науқастың жағдайы өте ауыр

16 Желтоқсан 2020, 10:04
952
Бөлісу:
COVID-19. 38 науқастың жағдайы өте ауыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2020 жылғы 16 желтоқсандағы ақпарат жариялады. 

16 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 25 280 адам короновирус инфекциясынан (13 358 КВИ+ және 11 922 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 163 пациент стационарда, 21 117 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 251 адамның жағдайы ауыр;
• 38 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 46 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Өзгелердің жаңалығы