COVID-19. 197 пациенттің жағдайы өте ауыр

3 Мамыр 2021, 09:05
1307
Бөлісу:
COVID-19. 197 пациенттің жағдайы өте ауыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 3 мамырдағы ақпаратты жариялады.

3 мамырдағы мәлімет бойынша, 44 374 адам коронавирус инфекциясынан (43 920 КВИ+ және 454 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 15 476 пациент стационарда, 28 898 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 762 адамның жағдайы ауыр,
• 197 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 122 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

COVID-19. 197 пациенттің жағдайы өте ауыр
Өзгелердің жаңалығы