COVID-19. 16 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосулы

6 Қазан 2020, 11:02
994
Бөлісу:
COVID-19. 16 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосулы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 7 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Бұл туралы Сoronavirus2020.kz сайты хабарлады.

Оған қоса 10 адам емделіп шықты. 

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 33 615, 361 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 27 517-ге жетті.  

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 180 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 70 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 851 науқас жатыр. 1 329 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 86 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 14 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 16 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

COVID-19. 16 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосулы


Өзгелердің жаңалығы