COVID-19. 10 млн-ға жуық қазақстандық вакцина салдырған

12 Қаңтар 2022, 11:44
1081
Бөлісу:
COVID-19. 10 млн-ға жуық қазақстандық вакцина салдырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады. Оның айтуынша, қаңтар айының он күнінде егілген адамдардың саны желтоқсанмен салыстырғанда нөл 0,2%-ға артқан.

Республикада соңғы аптада вакцинация қарқыны бірнеше есе төмендеген еді. Қаңтардың алғашқы онкүндігінде 0,2%-ға көбейді. Бүгінгі күні І компонентпен 9,4 млн-нан астам адам егілді. Халықтың 79,2%-ы қамтылды. Ал екінші компонентті 8,7 млн астам адам алды. Бұл вакцина алуы тиіс адамдардың 75,1%-ы қамтылғанын білдіреді. Жалпы халық арасында бірінші компонентті – 49,3%, екінші компонентпен – 45,8% адам алды, - деді Ажар Ғиният. 

Министрдің сөзінше, «Омикрон» штамының анықталуына байланысты қосымша шаралар енгізіліп, іске асырылып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы