Цифрлық әлеуметтік әмиян іске қосылады – Қызылорда облысы

14 Қаңтар 2021, 05:17
1581
Бөлісу:
Цифрлық әлеуметтік әмиян іске қосылады – Қызылорда облысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл цифрлық әлеуметтік әмиян енгізіліп, азаматтың шотына аудару жүйесі іске қосылады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.

Яғни, әлеуметтік бағытта бөлінген ақшаның қалай жұмсалып жатқанына бақылау жүргізілетін болады.

Басқарма басшысының мәліметінше, аймақта өткен жылы атаулы әлеуметтік көмек 68 мыңнан астам адамға төленген. Яғни, 13 мың отбасына берілді. Әлеуметтік көмек алатын еңбекке жарамды 1521 адам тұрақты, 2063-і уақытша жұмыспен қамтылған.

1-6 жасқа дейінгі балаларды кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету толығымен порталға көшірілетін болады. Әлеуметтік порталға көшу кепілдендірілген пакетті ұсыну тәртібін жеңілдетеді. Ол үшін АӘК алушының электронды цифрлы қолтаңбасы болуы міндетті. Егер порталға кіру мүмкіндігі болмаған жағдайда тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталықтарына хабарласу керек, - деді жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гаухар Қалмақова.

Өзгелердің жаңалығы