Чилидің экс-президенті ұшақ апатынан қаза болды

7 Ақпан 2024, 09:53
341
Бөлісу:
Чилидің экс-президенті ұшақ апатынан қаза болды
Фото: pixabay.com

Чилидің экс-президенті Себастьян Пиньера тікұшақ апатынан көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

DW сайтының мәліметінше, қайғылы оқиға Лаго-Ранко коммунасының аумағында болған. Себастьян Пиньера тікұшақты өзі басқарған. Алайда толассыз жауын-шашыннан рөлге ие бола алмай қалған. Салдарынан борт Ранко өзеніне құлап, апатқа ұшырады. 

Тікұшақта одан бөлек үш адам болған. Қуанышқа орай, олар тірі қалып, тіпті жағалауға дейін өз күшімен жеткен.  

Құтқару қызметі Пиньераның денесін судан алып шықты. 

Чилидің қазіргі президенті ұлттық траур жариялады. 

Айта кетейік, Себастьян Пиньера екі рет Чили президенті болды: 2010-2014 және 2018-2022 жылдары. Марқұм биыл 75 жасқа толар еді.

Өзгелердің жаңалығы