Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқан павлодарлықтарға құрмет көрсетілді

26 Сәуір 2022, 17:29
1482
Бөлісу:
Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқан павлодарлықтарға құрмет көрсетілді
PHOTO
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің тұрғындары 36 жыл бұрын Чернобыль апатының зардабын жоюға атсалысқан азаматтарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды. 

Чернобыль жарылысының зардабын жоюға қатысқандарға арналған ескерткіш алдына халық көп жиналды. Бұл - жыл сайын өткізілетін дәстүрлі шара. Қуантарлығы, павлодарлықтар сол азаматтардың құқықтарын қорғап, сауықтыру бойынша заңнамаға өзгертулер енгізу бойынша белсенділік танытуда. 

Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқан павлодарлықтарға құрмет көрсетілді

Ай сайынғы жәрдемақы көлемін ұлғайту, тұрғын үймен қамту, сауықтыру, медициналық және әлеуметтік қорғау. Бізді бұл мәселелер алаңдатады. Әрине, біртіндеп шешімін тауып жатыр. Мәселен, чернобыльдықтарға атаулы күнге орай 150 мың теңге көлемінде бір реттік жәрдемақы алдық. Тоқсан сайын коммуналдық қызметтеріміздің төлемі өтеледі. Жалпы, Павлодар облысы әлеуметтік жәрдемақы бойынша елімізде көшбасшы. Бұл - біздің ардагерлеріміз үшін үлкен қолдау. Ең бастысы, медициналық қолдау шараларының сапасын артса болды. Бұл тұрғыда ел үкіметіне ұсыныстарымызды жолдап жатырмыз. Мәселен, Чернобыль ардагерлеріне арналған мамандандырылған мекеме болса дейміз. Бүгінгі таңда ардагерлерді сауықтыру бірыңғай әдіс бойынша емделеді. Ал біздің санаттағы азаматтар радиациялық сәуледен зардап шеккен. Сондықтан емдеу тәсілі өзгеше болуы керек деген ойдамын, – дейді Чернобыль апатының ардагері Виктор Деймунд.

Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқан павлодарлықтарға құрмет көрсетілді

Айта кетейік, апат зардабын жоюға Қазақстаннан 30 мыңнан астам адам барған. Олардың қатарында 1200-ге жуық павлодарлық болған. Қазіргі уақытта облыста 250 азамат тұрады. 

Өзгелердің жаңалығы