Чемпионаттан оралған күміс жүлдегер боксшыны әскерге алып кетті

9 Маусым 2021, 09:23
2577
Бөлісу:
Чемпионаттан оралған күміс жүлдегер боксшыны әскерге алып кетті
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отандық былғары қолғап шебері, боксшы Әбілхан Аманқұл Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарын толықтырды.

Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Бұл ақпаратты Қорғаныс министрлігі растады.

Бокстан Азия чемпионатының күміс жүлдегері Әбілхан Аманқұл Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарын толықтырды. Былғары қолғап шебері бір жыл бойы атыс пен саптық даярлықты жаттығулармен, жиындармен және жарыстармен қатар алып жүреді, - делінген Қорғаныс министрлігінің Twitter-дегі хабарламасында.

Министрліктің баспасөз қызметі хабарлағандай, Дубайдағы Азия чемпионатынан оралған спортшыға әскери комиссариаттан шақырту келген. Кейіннен ол жалпыға бірдей медициналық комиссиядан өтіп, әскерде борышын өтеуге жарамды деп танылды. Аманқұл ҚР Қорғаныс министрлігінің спортклуб спорттық ротасында қатардағы жауынгер ретінде бір жыл қызмет етеді.

Әр ер адам Отан алдындағы борышын өтеуі керек деп ойлаймын. Мен Отан алдымдағы борышымды абыроймен атқарып келетініме сенімдімін, - деді боксшы.

Еске салсақ, Дубайда өткен бокстан Азия чемпионатында Әбілхан Аманқұл күміс медаль еншіледі. Ол финалда төрешілердің шешімімен өзбекстандық Саиджамшид Джафаровқа есе жіберіп алды.


Өзгелердің жаңалығы