Cемейде ескі көпірдің орнына жаңа өткел салынады

25 Желтоқсан 2021, 19:07
1448
Бөлісу:
Cемейде ескі көпірдің орнына жаңа өткел салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Cемейде апатты жағдайда тұрған ескі көпірдің орнына келер жылы жаңа өткел салынады. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлады Алтайньюс.

Жаңа көпірдің құрылысына үшін 30 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді. Қазір жоба сараптамадан өтіп жатыр.

Қолданыста тұрған өткел 57 жыл бұрын пайдалануға берілген. Апатты жағдайда деп танылғалы бірнеше жыл болды. Әбден тозған көпірдің жақтаулары мен бетондары шіріп, бірнеше рет көлік де құлап кеткен. Одан бөлек 20 жыл бұрын салынған аспалы көпірдің де жағдайы белгісіз. Ол техникалық тексеруден мүлдем өтпеген. Енді өткелге жазда жапондық мамандар сараптама жасамақ.

Көпір құрлысы келесі жылы басталады. Қомақты қаржы бөлінбек. Ал ескі көпір бұзылмайды. Ол болашақта жаяу жүргіншілер өткелі ретінде қолданыста қала береді. Осы уақытқа дейін бір рет те техникалық тексеруден өтпеген аспалы көпірдің  ақауын анықтаймыз, – Семей қаласының әкімі Бақытжан Баяхметов.

Өзгелердің жаңалығы