БЖЗҚ-дан 1,5 трлн теңге алынады. Үкімет басшысы түсініктеме берді

23 Қараша 2023, 15:18
1501
Бөлісу:
БЖЗҚ-дан 1,5 трлн теңге алынады. Үкімет басшысы түсініктеме берді
Фото: Үкімет

Зейнетақы қорының басты міндеті – салымшылардың зейнетақы активтерінің сақталуын қамтамасыз ету және ұлғайту. Премьер-министр Әлихан Смайылов қоғамда таралған ақпаратты түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Зейнетақы қоры тиісті инвестициялық стратегияны қабылдады. Салымшылардың активтерін тек осы қаражатты кез келген кіріс әкелетін бағыттарға салу арқылы көбейтуге болады. Осы инвестициялық стратегияға сәйкес, зейнетақы қоры нарық қағидаты бойынша активтердің көлемін ұлғайтуға екпін қойып отыр, - деді Үкімет басшысы Сенат кулуарында.

Әлихан Смайылов қаражатты тарту шарттары Ұлттық банкпен бірге пысықталып жатқанын айтады.

Үкімет қарыз алса, бұл қаражатты республикалық бюджет есебінен, квазимемлекеттік сектор есебінен өтеуді қамтамасыз етеді. Сондықтан Үкімет қарыз алса, ол мемлекеттік қарызда көрсетіледі. Бұл қарыз өтеу бюджетте белгіленеді. Үкімет қарызға міндеттеме алса, онда бұл қарыздарды өтеу үшін қаражат қарастырылады. Қаражаттың қайтарылуы міндетті түрде қамтамасыз етіледі, - деді премьер-министр.

Өзгелердің жаңалығы