БЖЗҚ-дағы азаматтардың қаражаты инфляциядан қалай қорғалады?

13 Қазан 2021, 13:46
3429
Бөлісу:
БЖЗҚ-дағы азаматтардың қаражаты инфляциядан қалай қорғалады?

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. БЖЗҚ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Мұрат Шарипов «Желмая» жобасында азаматтардың Қордағы қаражаты инфляциядан қалай қорғалатынын түсіндірді.

Оның айтуынша, азаматтардың аударымдары Бірыңғай жинақ зейнетақы қорына жиналады, одан кейін сенімгерлікпен Ұлттық Банкке беріледі. Одан кейін түрлі қымбат қағаздарға инвестицияланып, содан түскен пайданы есептеп, азаматардың шотына түсіріп отырады.

Бұл ақша мемлекеттік кепілдік арқылы қорғалады. Егер сол түскен табыс инфляциядан төмен болса онда үкімет өз тарапынан ақшаны толтырып, азаматтардың шотына аударады. Сондықтан азаматтарға алаңдауға негіз жоқ. Соңғы кезде инвестициялық табыс инфляциядан жоғары,-дейді Шарипов.

Сонымен қатар ол Қордың жұмыс істеп жатқанына 22 жылдан асқанын айта келе, қазір зейнетақы алып жатқан азаматтардың көбі Кеңес үкіметінде қалыптасқан ереже бойынша алып жатқанын жеткізді.

Қазіргі көп зейнеткерлер Қорға ақша жинамаған немесе жинаған қаражаты аз болғандықтан бір-екі жылда таусылып қалған. Одан кейін Қордағы шоты жабылып, мемлекеттен берілетін ортақ зейнетақы және базалық зейнетақыны алады. Қордық басты мақсаты – жастарымыз ақшаларын жинап, келешекте зейнетақысын Қордан алуына жағдай жасау. Олар Кеңес үкіметі тұсында жұмыс істемегендіктен ынтымақ зейнетақы жылдан-жылға қысқарып, келешекте жабылады,-деді ол.
Филиал директоры 1980 жылдары туған азаматтар енді зейнетақысын тек Қордан алатынын, сол үшін әр азамат өз жинақтарын тиянақтап, Қордың маңызын түсінгені дұрыс дейді. Ол үшін әр азамат зейнетақысының шотқа уақытылы түсуін және оған қосылатын инвестициялық табысты қадағалап отыру керек.



Өзгелердің жаңалығы