БЖЗҚ: жеке зейнетақы шоттарының саны 10,4 млн бірлікті құрады

7 Наурыз 2019, 16:25
1681
Бөлісу:
БЖЗҚ: жеке зейнетақы шоттарының саны 10,4 млн бірлікті құрады

Алматы, BAQ.KZ. 2019 жылдың 1 ақпанына қарай БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны – 10,4 млн бірлікті құрады. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.

Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен ашылған шоттар – 9,9 млн бірлікті құраса, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есепке алу бойынша ЖЗШ саны – 0,5 млн бірлік, ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша 0,05 млн бірлік болған.

Жалпы 2019 жылдың қаңтар айында жеке зейнетақы шоттарының саны бойынша өсім 12 мыңнан астам бірлікті құрап, шоттар санының көбеюі жалғасуда.

«2019 жылдың қаңтар айында МЗЖ есепке алу бойынша 11,3 мың шот ашылған болса, олардың ішінде 9,4 мың шот алғашқы жарна түскен сәтте автоматты түрде ашылды. Зейнетақы шоттарының автоматты түрде ашылу тәртібі 2019 жылдың 08 қаңтарында енгізілген», - делінген хабарламада.      

Міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша ашылған шоттардың арасында сәйкестендірілмеген, яғни иелерінің қарауынсыз қалған шоттар да бар көрінеді. Жеке қорлардағы зейнетақы активтерін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына шоғырландырғанан кейін салымшылардың деректемелері қате жазылған шоттардың саны шамамен 820 мың бірлікті құраған.

«Қазіргі кезде Қор мамандары шоттарды өңдеу, иелерін анықтау жұмыстарын қарқынды түрде жалғастыруда. Бұл ретте салымшылардың деректемелері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесімен салыстырылады. Биылғы жылдың қаңтар айында 5 мыңнан астам қате ашылған шоттар, яғни техникалық шоттар сәйкестендірілді. 2019 жылдың 1 ақпанына қарай БЖЗҚ дерекқорында шамамен осындай 211 мың техникалық шот қалды», - деп хабарлады қордың баспасөз қызметінде.

Өзгелердің жаңалығы