Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенатор, "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев Парламент қабырғасында ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелерді жиі көтереді. Бізде өз кезегімізде осы саланың білікті маманына аграрлық секторға байланысты сауалымызды қойған едік.
Тілші: Қазақстан шаруалары ішкі нарықты етпен толықтай қамтамасыз етуге қауқарлы ма?Әли Бектаев: Ет шаруашылығымен өзімізді өзіміз қамтамасыз етуге толық мүмкіндігіміз бар. Бірақ сыртқы және ішкі нарыққа шығару үшін еттің өзін қайта өңдеу керек. Бұл біздің экономикамызға да, шаруаларымызға да пайдалы болады деп есетпеймін. Соған байланысты айтылатын мәселелер өте көп. Қайта өндеуді жолға қою үшін кәсіпорындарға соған лайықты мемлекеттің қолдауы қажет. Екіншіден, шаруалардың өсірген, баққан малдарының өнімдерін орталыққа алып, қайта өндеуге жіберетін механизм керек. Шетелге тірідей мал сатуға наразылыққа білдірудегі себеп - күз мезгілі кезінде көптеген аналық бастар сыртқа шығып кетті. Өйтені бүгін алынған бір аналық бас - ертең екі мал болады. Сондықтан осыны ескере отырып, ауыл шаруашылығы министрлігі дұрыс шешім қабылдады деп санаймын. Уақытша мараторий жариялады. Кейін жағдай реттеліп, бір жүйеге түскенде шектеуді алып, мал күйінде де, ет күйінде де шығаруға болады. Жалпы, біздің ауыл шаруашылығының перспективасы - қайта өндеу. Соның ішінде мал шаруашылығы, егістікті, көкөністі бәрін қайта өндеп шығуа болады. Біздің ауыл шаруашылығы министрлігі мен жергілікті әкімдіктер осыған көбірек көңіл бөлу тиіс.
Тілші: Қазіргі кездегі мемлекеттің субсидия бөлуіне көңіліңіз тола ма?
Әли Бектаев: Мемлекет тарапынан өте үлкен қаржы бөлініп жатыр. Бұл субсидияға, арзандатылған несиеге де қатысты. Жылдан жылға көлемі артып келеді. Алайда соны шаруаларға жетізуде кемшілік бар. Біріншіден, оның жұмыс механизмдері өте қиын. Әсіресе, бюрократиялық кедергілер өте көп. Қағазбастылық жетіп артылады.Сол бөлінетін несиелерді алатын кезде шаруалар қиындыққа тап болып жатады.Оның бәрін жеңілдету мәселесін қарастыру керек. Сосын субсидия болсын, ауыл шаруашылығына арналған несиелер болсын беретін банктер мен бағдарлармалардың саны көп. Шаруалар оның бірін түсінсе, екіншісін түсінбей жатады. Сондықтан субсибиялар мен несиелердің түрлерін азайта отырып, шаруаларға ыңғайлау керек. Алған несиені ауыл шаруашылғы мақсатында пайдалана ма, нарықтың талаптарына сай қайтаратындай болуы тиіс. Субсидия мен несиелердің беру тәртібі жыл сайын өзгеріп жатады. Биыл берілгені келесі жыл берілмей қалады. Осы мәселер шаруаларды шаршатады. Берілетін субсидиялардың тәртібін кемі бес жылға бекіту керек. Сол кезде шаруалар бес жылға дейін бұл субсидияны тоқтаптпайды деп тек шаруашылықпен айналысатын болады. Тұрақтылықты қалыптастыруға тиіспіз. Жаңадан келген министр Сапархан Омаровтың командасы бір жыл көлемінде осы бағытта жұмыс істеп жатыр. Енді жағдай ретеле ме деген үмітім бар.
Тілші: Шикізатқа бейімделген елміз. Мұнай бағасы түсіп кетіп еді, эконокамыз әлсіреп қалды. Экономистердің көбісі осындай сәтте ауыл шаруашылығын қолға алу керек деп жатыр. Бұған не дейсіз?
Әли Бектаев: Коронавирус пандемиясына байланысты халықтың бәрі карантинде үйде отыр. Соңғы 1,5-2 ай көлемінде жұрттың барлығы бұл жайттарды ой-елегінен өткізіп жатыр. Қазір, өзің қарашы, адамға ең бірінші не керек? Халық алдымен осыған көз жеткізуі қажет. Яғни, өмір сүру үшін алдымен тамақ керек. Мұндай кезде қымбат көлік пен қымбат киім қажет емес. Сол секілді билеті қымбат концерттер мен жалпы соған ұқсас іс-шараларды да қоя тұратын уақыт. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізге де бірінші бағыт тамақ өнеркәсіп,азық-түлік болу керек деп есептеймін. Оны айтып та жүрмін. Коронавирусқа байланысты шектеулер болашақта көп нәрсені өзгертері анық. Елдің экономикаға, әлеуметтік салаға деген көзқарасы басқаша болады. Бұл жалғыз Қазақстанға байланысты емес. Осы сәтте біздің ел үшін ең дұрыс бағыт -ауыл шаруашылығы саласын, агрорлық секторды дамыту. Оның ішінде агроөндірісті көтеру. Бұл сала бірінші орынға шығады деп ойлаймын. Жалпы, аграрлық секторда мүмкіндік көп. Ауыл шаруашылық өнімдерін шикізат күйінде емес, нарыққа қайта өндеп шығатын болсақ, өндірісте дамиды. Бізде қазір ауыл шаруашалығы өнімдерінің тек 40 пайызы өнделеді. Қалғаны шикідей кетеді. Етің еттей, көкөнісің көкөністей, астығың астықтай кетіп жатыр. Соның бәрін қайта өндейтін зауыттар, фабрикалар салынатын болса, экономиканың өндіріс саласын ауыл шаруашылығы өнімдері арқылы да дамытуға болады. Әсіресе, ауыл шаруашылығын техникаларын қолға алсақ... Өзімізде комбайн, трактор құрастырылса. Сол кезде ауыл шаруашылығы көп мәселені шешетін салаға айналар еді. Оның ішінде азық-түлік шығару ешқашан өлмейді, тоқтамайды. Өйткені тамақ күніге керек.
Тілші: Агробанк ашу жайлы ұсыныс айтып жатқандар бар...
Әли Бектаев: Бізде мұндай ұсынысты "Ауыл" партиясы атынан жолдағанбыз. Бірақ оның да ойланатын тұсы өте көп. Банк десе жүрегіміз шайлығатын болды ғой. Егер ол Агробанк қазіргі банктер сияқты құрылатын болса, ешқандай айырмашылығы болмайды.Олай болса, Агробанк те бір қаржы инситутының негізінде ашылу керек. Мысалы, "ҚазАгроҚаржы" сияқты мекемелердің негізінде ашатын болсақ, қаржылық портфелі қалай болады? Соның бәрін терең зерттелуі керек. Мемлекет тарапынан ақшаны үйіп-төгіп беріп, шаруаларға таратып отыруға да әсте болмайды. Өйткені, ондай жағдайда банк 2-3 жылда-банкротқа ұшырайды.
Сенатор Әли Бектаевтың 2019 жылғы 10 қазандағы ҚР үкімет басшысы Асқар Маминнің атына жолдаған депутаттық сауалы:
Көрші мемлекеттер, әсіресе Өзбекстан Республикасы мемлекетаралық сауда-саттық қарым-қатынастың оңтайлығын пайдалана отырып,қазақстандықтардан ірі қара мал мен уақ малдарды жаппай сатып алу саясатын жүргізуде. Мысалы, 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстаннан тыс жерге 88 мыңға жуық мал сатылса, тек биылғы тоғыз айдың өзінде 333 мыңнан астам мал шығарылған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 3,8 есе көп. Сатылған ірі қараның саны 2 есе, ал уақ малдың саны 7 есеге өскен. Сыртқа сатылған мал басының 80 пайызын Өзбекстан азаматтары сатып алған. Олар Қазақстанның шекара аумағында орналасқан Түркістан, Қызылорда облыстарынан ғана емес, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Алматы, Жамбыл облыстарынан да малдың сапалы бөлігін іріктеп алуда. Ең сорақысы, шетке сатылған малдардың 50 пайызға жуығы репродуктивті аналық бастар, яғни көршілес мемлекеттер Қазақстанның малдарын етке ғана емес, өз малдарының сапасын жақсартуға және мал басын көбейту үшін де сатып алуда.
Бұл жағдай әлі де 1991 жылдың деңгейіне жете қоймады. Қазақстандағы мал басының өсуіне кері әсерін тигізеді. Әрине, нарық заманында әрбір фермер, болмаса ауыл тұрғыны өздері өсірген малдарын қайда және қай бағамен сатамын десе де өз еркі. Мемлекет тарапынан ол үшін оңтайлы жағдайлар да жасалынуы тиіс. Ауыл тұрғындарының табысты болғаны өздеріне де, мемлекетке де маңызды екендігін бәріміз де жақсы түсінеміз. Бірақ, шетелге мал шығарып, сатумен айналысып жүргендердің көпшілігі шаруалар емес, ортада жүрген делдалдар. Себебі нағыз шаруа, адал еңбек адамы, маңдай терін төгіп жүрген фермер ешқашанда малдың аналық басын шетке сатпайды. Малдың көбеюі үшін аналық бастың қаншалықты керек екендігін шаруа жақсы түсінеді. Нағыз фермер малдың қайсысын сақтау керек, қайсысын етке жіберуге, қай бөлігін сатуға болатынын жақсы біледі.
ҚР Үкіметі тарапынан мал экспортына қатысты ауқымды және ұтымды шаралар қабылдануы қажет. Ауыл шаруашылығы министрлігінің шетке шығаратын малдардың аналық бастарын шектеу туралы қабылдаған шешімі жеткіліксіз деп ойлаймыз. Сондықтан ветеринарлық қызметтен бөлек, кеден және кіріс, тағы да басқа құқық қорғау органдарының бұл бағыттағы жұмыстарын үйлестіретін Үкіметтің арнайы нормативтік құжаты қабылдануы керек. Бұл жерде нарық талабына сай өзге де механизмдерді пайдаланған тиімді болмақ. Әсіресе жергілікті жерлерде малдарды сойып, етін қайта өңдейтін өндірісті жаппай дамыту маңызды. Шетелге тірі мал емес, ет және ет өнімдерін сату әлдеқайда тиімді болмақ. Бұл бағытта мал бордақылау мен ет өндірісін субсидиялау саясатын да нақты қарап, пысықтау қажет деп есептейміз. Қолдағы бар мәліметтерге сүйенсек, биылғы жылдың сегіз айында шет мемлекеттерге 4800 тонна қара мал мен қойдың еті сатылса, тірі мал күйінде 300 мың бас сатылған, оны етке айналдырғанда 26 мың тоннадан асады, яғни 5,4 есе көп.