Бюджеттік тәртіпті бұзған шенеуніктер қалай жазаланады?

20 Маусым 2022, 13:18
1589
Бөлісу:
Бюджеттік тәртіпті бұзған шенеуніктер қалай жазаланады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова  Парламент палаталарының бірлескен жалпы отырысының кулуарында бюджеттік тәртіпті бұзған лауазымды тұлғалар қандай жауапкершілікке тартылатынын айтты. 

Күзгі сессияда біз оны қараймыз. Әрине, айыппұл болады. Оның көлемін талқылаймыз, әзірге айта алмаймын. Біз қылмыстық бұзуды анықтасақ, оны құқық қорғау органдарына бағыттаймыз. Мен бұл туралы Сенатта егжей-тегжейлі айтып кеткен едім. Сондай-ақ Бюджет кодексі мен Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекске бірінші жетекшілердің жауапкершілігі туралы енгізген норма өте маңызды рөл атқарып жатыр. Себебі бірде-бір министр мен әкім, министр, әкімнің орынбасарлары өзіне айыппұл салынғанын қаламайды. Себебі әкімшілік айыппұл, тек мемлекеттік бюджетке ақша төлеу ғана емес. Онда мансаптық өсуге әсер ететін нақты кедергілер бар. Сондай-ақ бұл абырой мен беделге де әсер етеді, - деді Годунова. 

Ол атағандай, орталық мемлекеттік органдардан вице-министрлер мен комитет басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 

Жалпы отырыста Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр  бюджеттік тәртіпті бұзған лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі туралы айтқан еді. 

100-ден астам мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Біз бұл шараларды күшейту бойынша жұмысты жалғастырамыз, - деді ол..

 

Өзгелердің жаңалығы