Бюджеттен бөлінген шығыстар қайда жұмсалады? – Министр жауап берді

5 Сәуір 2022, 11:04
1829
Бөлісу:
Бюджеттен бөлінген шығыстар қайда жұмсалады? – Министр жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары-Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.

Бюжет шығыстарының өсуі қаңтардағы жағдайдан кейін және Жолдауда айтылған Президент тапсырмалары. Әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге байланысты бюджеттің шығыс бөлігін арттыруға мәжбүр болып отырмыз. Бұл негізінен бюжеттің кіріс бөлігін арттыру жолымен және екіншіден ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттер алу жолымен бюджеттің шығыстары арттырылады. Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт бойынша 1,6 триллион теңге аламыз, -деді министр Үкімет отырысынан кейін кулуарда.

Сондай-ақ Қаржы министрі бұл шығыстардың қайда жұмсалатынын айтты.

Бұл шығыстар әлеуметтік мәселелерді шешуге, халықтың нақты табысын арттыруға сондай-ақ өңірлерді дамытуға  және жалпы еліміздің қорғаныс саласының әлеуетін күшейтуге жұмсалады, -деді Ерұлан Жамаубаев.

 

Өзгелердің жаңалығы