Былтыр Шымкент сотына 125 адамға қатысты қылмыстық іс түскен

3 Ақпан 2022, 11:20
873
Бөлісу:
Былтыр Шымкент сотына 125 адамға қатысты қылмыстық іс түскен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Шымкент қалалық сот төрағасы Дәурен Сайханов брифингте айтты. 

Былтыр 125 адамға қатысты қылмыстық іс түсті. Оның ішінде  32 адамға қатысты 9 қылмыстық іс 2020 жылдан қалған. Жалпы 89 қылмыстық іс болған. 131 адамға қатысты 73 қылмыстық іс аяқталып, 101 адамға қатысты 55 қылмыстық іс айыпталу үкімі шығарылып, 30 адамға қатысты 12 қылмыстық іс қысқартылған, - деді Сайханов. 

Оның айтуынша, жыл асынан бері ҚК-нің 130-ы бабы бойынша 8 іс қаралған. 

Бұзақылық, кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыс, ұрлық, билік өкіліне қарсы күш қолдану бойынша қылмыстық істер де бар. Көп жағдайда кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық қылмыс пен ұрлық, бұзақылық бойынша істер жиі түседі, - деді ол. 

 

Өзгелердің жаңалығы