Былтыр мемлекеттік бюджет 65 млрд теңгеге асыра орындалды - Смайылов

9 Ақпан 2021, 10:32
1108
Бөлісу:
Былтыр мемлекеттік бюджет 65 млрд теңгеге асыра орындалды - Смайылов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов Үкіметтің онлайн отырысында баяндады.

Былтыр қиын экономикалық жағдайға қарамастан мемлекеттік бюджеттің кірістері алдыңғы жылдағыдай сақталды. Республикалық бюджетке түсетін түсімдер төмендегеніне қарамастан жергілікті бюджетке түсетін түсімдер арқылы толықтырылды. Нәтижесінде мемлекеттік бюджет 65 млрд теңгеге асыра орындалды, - деді ол.

Бюджеттің кірістер бөлігін арттыру бағытында цифрландырудың барлық әлеуетін қолдану маңызды екенін атап өтті.

Бұл ретте «көлеңкелі экономиканың» деңгейін төмендетуге, табыстарды арттыруға басты рөл атқарады. Осы бағытта тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесі құрылды. Сондай-ақ, тәуекелдерді басқару жүйесі, электронды шот-фактуралар, Астана-1 ақпараттық жүйесі енгізілді, - деп айтты Смайылов.

Премьер-министрдің бірінші орынбасарының айтуынша, соңғы 3 жылдың ішінде жоғарыда аталған шаралардың бюджетке қосымша 2 трлн теңгеден астам түсімдерді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Әлихан Смайылов осы бағыттағы жұмысты күшейту керектігін жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы