Мемлекет медициналық өнімдерді тіркеу және айналым тетіктерін жетілдіруді жалғастыруда, импортты алмастыру мен отандық фармацевтикалық өндірісті қолдайды, деп хабарлайды BAQ.KZ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстан нарығына фармацевтика саласының жаһандық ойыншыларын тарту және жергілікті өндірушілердің базасында келісімшарттық өндірісті ұйымдастыру, сондай-ақ тәжірибе алмасу және технологиялар трансфері бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді.
Дәрілік қамтамасыз ету саласындағы саясатты жетілдіру орталықтандырылған сатып алу тетігін іске асыруға, дәрілік заттардың қолжетімділігін арттыруға, электрондық таңбалау арқылы дәрілік заттар нарығының ашықтығы мен қадағалануын қамтамасыз етуге бағытталған.
2023 жылы пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда пациенттерді амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бөлінген қаражаттың көлемі 2 есе - 237 млрд теңгеге дейін ұлғайғанын айта кету керек. Бұл емделуі ТМККК және МӘМС қаражаты есебінен жүзеге асырылатын аурулардың тізбесін 2,5 есе кеңейтуге мүмкіндік берді. Бұл ретте жазып берілетін дәрілік заттар атауларының саны 272-ден 347-ге дейін ұлғайды.
Препараттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін медициналық ұйымдардың базасында 72 дәріхана пункті және ауылда 161 жеке дәріхана ашылды. 20 медициналық ұйымда таңбалау енгізілді және дәрілік заттарды пациентке дейін қадағалаудың толық циклі іске қосылды.
Қазақстанда бүгінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар шығаратын 15 жаңа кәсіпорын ашылды. Фармацевтика секторында 159 ОТӨ жұмыс істейді, олар 1018 дәрілік заттың және 1771 медициналық бұйымның түрлерін шығарады. Бұдан басқа, денсаулық сақтау мен ветеринарияға арналған 10 вакцина, 24 медициналық бұйым, 6 диагностикалық құрал және 1 паразитке қарсы препарат өндірісі жолға қойылған.
Фармацевтика саласына тартылған инвестициялар көлемі өткен жылы шамамен 50,2 млн долларды құрайды.
Ал 2024 жылы келісімшарттық өндіріс шеңберінде 5 түпнұсқа патенттелген дәрілік заттар жеткізіледі деп күтілуде.
Онкологиялық және онкогематологиялық аурулары бар пациенттерді шығарудың әртүрлі нысандары мен дозаларында (ісікке қарсы препараттар) қазіргі заманғы таргеттік препараттармен қамту және спектрін кеңейту көзделген.