Былтыр Иорданиядан елімізге мыңнан аса турист келген

4 Мамыр 2024, 20:52
321
Бөлісу:
Былтыр Иорданиядан елімізге мыңнан аса турист келген
PHOTO
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Иордан Хашимит Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Хамза Махмуд Юсеф Әл-Омаримен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Туризм және спорт министрлігінің мәлімдеуінше, тараптар спорт саласындағы әлеуетті ынтымақтастықты талқылап, туризм саласын дамытуда тәжірибе алмасуға, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларына дайын екендіктерін жеткізді.

Былтыр Иорданиядан елімізге мыңнан аса турист келген

2023 жылдың қорытындысы бойынша Иорданиядан Қазақстанға 1130 турист келген.

Бүгінде қазақ-иордан қатынасы қарқынды дамып келеді. Корольдік Таяу Шығыс аймағындағы еліміздің ең жақын және сенімді одақтастарымен бір қатарда орналасқан. Өкінішке қарай, біздің елдеріміз арасындағы туристік ағынның көрсеткіші көңіл көншітпейді. Бұған тікелей рейстердің жоқтығы және визалық талаптар кедергі келтіріп тұр. Осыған байланысты, көрсеткіштерді ұлғайту және ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін аталған мәселелерді пысықтау қажет, - деп атап өтті Ермек Маржықпаев.

Былтыр Иорданиядан елімізге мыңнан аса турист келген

Министр Елшіні V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ашылу салтанатына қатысуға шақырды. Еліміздегі дүбірлі додаға Иордания құрамасы да қатысады деп жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы