Былтыр халықтың 58%-ға жуығы газбен қамтылды – министр

24 Мамыр 2022, 12:37
1126
Бөлісу:
Былтыр халықтың 58%-ға жуығы газбен қамтылды – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді. 

2021 жылдың қорытындысы бойынша елімізді газдандыру деңгейі халықтың жалпы санының 57,67%-ын құрады немесе 11 млн адамы газға қол жеткізді. Жалпы, елді газдандыру Қазақстан Республикасын газдандырудың 2015-2030 жылдарға арналған бас схемасына сәйкес жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда соңғы жылдары ішкі газ тұтынудың күрт өсуіне және елді одан әрі үздіксіз газдандыру үшін газ тасымалдау жүйесін жаңғырту қажеттілігіне байланысты министрлік «Қазақгаз»-бен бірлесіп Газдандырудың бас схемасын өзектендіруді жүргізуде, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Оның айтуынша, қазіргі уақытта бас схеманы өзектендіру аяқталу сатысында.

Бас схеманың іске асырылуын қаржыландыру бюджет қаражаты, Қазақгаздың атынан Газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператордың кірістері және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады, - деді министр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Премьер-министр Әлихан Смайылов елдің солтүстік пен шығыс өңірлеріне Ресей арқылы газ тарту мәселесі пысықталып жатқаны туралы айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы