Былтыр ел кәсіпорындарында 200 адам қаза тапты

28 Сәуір 2022, 18:06
1506
Бөлісу:
Былтыр ел кәсіпорындарында 200 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Еңбек министрлігі ЕӘҚКК төрағасы Ербол Нұрғалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. 

Өткен жылы еліміздің кәсіпорындарында 1467 адам зардап шекті, бұл 2020 жылға қарағанда 2,4% – ға аз (2020 жылы – 1503 адам), оның ішінде 200 адам қаза тапты, бұл 2020 жылдың көрсеткішінен 3,8% - ға төмен (2020 жылы – 208 адам). Осы жылдың 3 айында еліміздің кәсіпорындарында 313 адам зардап шекті, оның ішінде 47 адам қаза тапты. Жазатайым оқиғаларға әкеп соққан негізгі себептер: зардап шегушінің өзінің өрескел абайсыздығы (35,7%); жұмыс өндірісінің қанағаттанғысыз ұйымдастырылуы (23,5%); еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларының бұзылуы (9%); автожол қозғалысы қағидаларының бұзылуы (9,5%), – деді ол.

Сонымен қатар Ербол Нұрғалиев өткен жылы жарақаттанудың жоғары деңгейі еліміздің өнеркәсіптік өңірлерінде сақталғанын да атап өтті: Қарағанды (238 адам зардап шекті), Шығыс Қазақстан (204 адам), Ақтөбе (107 адам), Қостанай (122 адам), Павлодар (114 адам) облыстарында және Алматы қаласында (107 адам).

2021 жылдың қорытындысы бойынша бұзушылықтар жол берген 56 лауазымды тұлға лауазымынан босатылды, мемлекеттік еңбек инспекторларының еңбекті қорғау талаптарын бұзу фактілері бойынша құқық қорғау органдарына 1088 материал жіберіліп, олар бойынша 127 қылмыстық іс қозғалды. Еңбек жағдайларының нақты жағдайын бағалау мақсатында жұмыс орындарында 5 371 өндірістік нысан аттестатталды, – деді ЕӘҚКК басшысы.

Айта кетерлігі, экономика салалары бойынша зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарында – 19,1%, құрылыс саласында – 11,3% байқалады.

Өзгелердің жаңалығы