Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов «Антиконтрафакт-2021» IX халықаралық форумында айтты.
Смайылов былтыр ЕАЭО аймағында 15 млн дана осындай өнім анықталғанын айтты.Бұл форум контрафакт өнімдерін таратпау бойынша мәселелер талқыланатын жыл сайынғы алаңға айналды. Бүгін АҚШ, Ұлыбритания, Германия елдерінің сарапшылары пікірін айтады. Бүгін біз контрафактілі өнімдердің таратылуы трендін байқап отырмыз. Оның үшінде жоғары технологиялық сала, фармацевтикалық индустрия да бар. Жалған медициналық бұйымдарды сату проблемасы ашылды, - деді ол.
Айта кетейік, форум жалпы 9-рет, ал екінші жыл қатарынан гибридті форматта ұйымдастырылып отыр.Соңғы 5 жылда осы салада ЕАЭО елдерінде 55 мың әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Контрафактілер теріс мультипликативті әсер әкеледі. Бұл кәсіпкерлер табысының азаюы мен халық денсаулығына әсер етеді, - деді Смайылов.