Былтыр 9 оператордың жұмысы қысқартылды

25 Ақпан 2022, 11:40
1031
Бөлісу:
Былтыр 9 оператордың жұмысы қысқартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2021 жылғы қызметінің қорытындылары бойынша алқа отырысында агенттіктің төрағасы Серік Жұманғарин операторлардың қызметін реттеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.

Агенттік басшысы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік және жеке операторлардың қызметін реттеу маңызды қадам болғанын айты.

Былтыр 9 операторды қысқарту бойынша жұмыс жүргізілді, оның 5-і ведомстволық бағынысты ұйым ретінде қалып отыр, 4-і жекешелендірілді немесе қысқартылуға жатады. «ӨКМ Оператор» ЖШС функцияларын «Жасыл даму» АҚ пайдасына беруді ескере отырып, қазіргі уақытта операторлар саны 41 құрайды, оның ішінде 2-еуі жекеменшік, - деп айтты Жұманғарин.

Оның сөзінше, 5-ші монополияға қарсы пакет, жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік монополия тетігін толықтыратын «арнайы құқық» институтын құруды қарастырады.

Заңмен жеке операторларды құру процедурасы барынша қиындатылды. Бұған мемлекеттің 100% қатысуымен заңды тұлғаларды құру мүмкін болмаған жағдайларда ғана жол беріледі. Үкімет Агенттікпен бірлесіп, жеке субъектілерге қатысты міндетті конкурс өткізу туралы талап бекітілген, операторларды айқындау тәртібін кемінде 5 жылда бір рет міндетті конкурс өткізу туралы талап бекітілді, - деп түсіндірді Серік Жұманғарин алқа отырысында.

Мемлекет басшысының тапсырмасын ескере отырып, бұл норма жеке операторларды құруға толық заңнамалық тыйым салу пайдасына қайта қаралады.

Өзгелердің жаңалығы